Weekend
Қоғамнан қорқамын
Адам өз өмірінен шаршап, күйзеліске ұшырауына не себеп? Қоғамдағы болып жатқан жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсауға кім кінәлі және бұл қоғам дертінен қалай арылуға болады?
Суицид туралы зерттелген деректерге сүйенсек, Қазақстан әлемде жасөспірімдер суициді ең көп таралған елдер қатарына кіреді екен. Бұл деректермен қатар 1981-2008 жылы өзге елдер қатарында суицид азайған болса, Қазақстанда бұрынғыдан әлдеқайда көбейгендігін айтады. Халықтың әр мың тұрғынына шаққанда 22,5%-дан 25,6%-ға дейін көбейгенін көрсететін деректер бар. Суицидтің пайда болуы жасөспірімдердің қоршаған ортасында болып жатқан оқиғалар, айтылып жатқан сөздер мен ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас.
Суицидтің алдын алу үшін ұдайы психологиялық тестілеулер жүргізіліп тұруы тиіс. Әрбір балаға жеке көңіл бөлініп, айналасындағы болып жатқан оқиғаларға деген көзқарасын біліп тұру керек. Мұндай психологтар да, психологиялық уйымдар да аз деп айта алмаймын. Алайда біз үшін олардың санынан көрі көрсеткіш пен адам өмірі мағызды. Азайғаннан көрі көбейіп бара жатқанын айқындайтын фактілер де аз емес. Солардың бірі бұрын Қызылорда облысында бір жылда өзіне қол жұмсауды ойлаған 80-90 бала анықталса, қазір олардың саны мыңнан астынын байқауға болады.
Бұл дегеніміз өз өмірін өлімге қиып, қыршынынан кеткен жасөспірімдер санын азайту шараларын әлі де күшейтуді талап етуді көздейді.
Суицид қазіргі таңдағы қоғамға келген қатер десек те болады. Ал оның алдын алушылар сіз бен біз. Жақындарыңызға үлгі бола жүріп,қоғам қатерін жоюға бірге атсалысуымыз қажет!