Weekend

Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру жолында...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Біздің мақсатымыз - білімді,көзі ашық,көкірегі ояу болуға ұмтылу және сондай ұрпақ тәрбилеу.

Еліміздің жаңа тарихи кезеңге аяқ басуына ең алдымен елдің ескі тарихының маңызды екенін айта кеткім келеді. Болашаққа жоспар құрып,аяқ баспастан бұрын Егеменді еліміздің тарихын білуіміз керек. Қазақстанның қазіргі таңға дейінгі өрлеу жолындағы көрген қиыншылығы, істеген іс-әрекеті, ата-бабаның қан майдандағы батырлығын әрбір жас ұрпақ ұғынар болса, болашаққа қадам басуды да білетін болады.

Рухты жаңғырту ол - қоғамды жаңаша қалыптастыра жүріп әлемді жаңғырту. Рухтың жаңғыру көзі бұл - білім. Білімді ұрпақ тәрбилеу біздің айқын мақсатымыз,белгілі бағытымыз.Білімді ұрпақ тәрбилеу арқылы біз алға өрлиміз,өсеміз,өркендиміз.Жалпы рухани жаңғыру ол тек бүгінгі білім мен іс-әрекет емес. Ол неше жылдық еңбек пен тәжірибе,болашаққа бағдарланған жоспарлар.

Біз "Рухани жаңғыру" жолында қаншама ауқымды істер атқардық. 2004 жылы "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық. 2013 жылы "Халық-тарих толқынында" бағдарламасы арқылы әлемнің ең беделді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап,зерттедік. Ал ендігі мақсат осындай істерден де ауқымды жоспарларды қолға алып іске асыру, келешек ұрпаққа дәріптеу!