Weekend

Алып тиін наурызға дейін тұрады

Суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын деген осы шығар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы жұртына ғана емес, алыс-жақын шетелдіктерге де қызық бола бастаған, Алматыдағы алып тиіннің жыры әлі жалғасады. Бұл туралы Алматы мәдениет департаментіне Bugin.kz сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Алекс Ринслер (тиін авторы) өзінің сүйікті ісіне айналған ерекше туындыларын өртеп жіберуді әдетке айналдырғанымен, аталған тиін әлі қаз қалпында тұр. Күзге дейін тұрып, кейін өртке оранады деген мүсін енді қала жұртшылығы үшін наурызға дейін көрінетін болады. Отқа қарсы сұйықтықпен қапталған мүсіннің биікті – 12 метр, салмағы – 12 тонна.