Weekend

Рүстем Қайыртайұлы «Алтын домбыра» жүлдесін қанжығаға байлады

Былтыр Жансая Мусина алған еді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Оралда өтіп жатқан «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты «Алтын домбыра» VIII республикалық айтысында алматылық ақын Рустем Қайыртайұлы бас жүлдені қанжығаға байлап, «алтын домбыраның» биылғы иесі атанды.

Ал 1-орын Мұхтар Ниязовқа, 2-орын Қазірет Бердіхан мен Жансая Мусинаға, 3-орын Айбек Қалиев пен Өміржан Көпбосынға бұйырды.

Сөз сайысын ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ Басқарма Төрағасы Ж. Ерман жүргізді.

Былтыр елордада өткен Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен елордамыздың 20 жылдығына және Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Астанам, сенсің айбарым!» атты республикалық ақындар айтысында батысқазақстандық Жансая Мусина алған еді.