Weekend

Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының актері марапатталды

Сахнагер-2019

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұр-сұлтан қаласында "Сахнагер-2019" Ұлттық театр сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.

Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының талантты, жас актері Нүркен Орынбек  "Үміт" дипломымен (150 000 т сертификат) марапатталды.

Өз өнерімен, талантымен дараланып, тамсандырып келе жатқан Нүркен театрда 2015 жылдан бері қызмет атқарып келеді.

Айта кеткеніміз жөн, ұлттық театр сыйлығына Қазақстан бойынша 50 театр ұжымы іріктеуден өткен. Оның ішінде 18 үміткер «Сахнагер-2019» сыйлығының иегері болса, еңбек жолын есті бастаған актерлерге «Үміт» дипломы табысталды.