Weekend

Димаш Бейонсемен теңесті

Димаш - әлемдік жұлдыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Күні кеше ғана Димаш АҚШ-та концерт қойып, өнерімен халықты тәнті етті. Димаш концерт қойған Barclays Сenter алаңында жылына бірнеше концерт қана өтеді. Оның бәрі ірі концерттер ғана. Онда атағы жер жаратын әншілер өнер көрсеткен. Димаш - бұл алаңда өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық, алғашқы қазақ.  

Barclays Center-дің қызметкері  Брайан Тукер концерттен кейін былай деп пікір білдірді: «Мен мұнда 2012 жылы ашылғаннан бері 7 жыл бойы қызмет етіп келемін. Осында шоу жасаған, концерт қойған барлық әлемдік деңгейдегі жұлдыздарды көрдім. Олардың концерттері мыңдаған адам жинайды. Бейонсенің соңғы концертінде 18000 адам болды. Мен осы алаңда Қазақстаннан келген әнші Димаш тура сондай халық жинағанын естідім. Жалпы бізде Қазақстаннан әнші бірінші рет өнер көрсетуде. Демек ол расымен әлемдік жұлдыз деген сөз. Димаш жайлы мен бруклиндік жігіттерден естідім. Олар маған Димашты "нағыз талант" деп мақтады.  Димаштың Бейонсемен бірдей көрермен жинап, өнер көрсеткені тамаша болды деп санаймын", - деді ол. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61