Саясат

Президент Қанат Бозымбаевты қызметінен не үшін босатты?

Энергетика министрі қызметінен кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қанат Бозымбаевты өзінің көмекшісі етіп тағайындады.

"Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметінен босатылсын", -деп жазылған жарлықта.

Бозымбаев 2016 жылдан бері Энергетика министрлігін басқарған. 

Қанат Бозымбаев туралы не білеміз?

Қанат Алдабергенұлы 1969 жылдың 8 қаңтарында Алматы қаласында туған. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының "Экономикалық және әлеуметтік жоспарлау" факультетін бітірген.

Алматы қаласы әкімінің көмекшісі, Энергетика, индустрия және сауда министрлігіндегі мұнай мен газ департаментінің директоры, Қазақстанның энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, "KEGOK" АҚ президенті, Жамбыл және Павлодар облыстарының әкімі болды.

2016 жылдың 25 наурызында энергетика министрі болды. 2019 жылдың ақпанында үкімет отставкаға кеткеннен кейін энергетика министрі қызметіне қайта тағайындалды.