Weekend

Алматыда тегін мұз айдыны алаңдары ашылды

Бақытжан Сағынтаев мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда тегін мұз айдыны алаңдары ашылды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында жазды.

«Алматылықтар Тұңғыш Президент саябағында, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ пен Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында ашылған тегін мұз айдындарында болды. Мұз арнайы салқындатқыш машиналардың көмегімен қалпын сақтап тұрмақ. Сол себепті Алматының құбылмалы ауа райы мұздың еріп кетуіне кедергі келтірмейді. Сырғанау алаңдары 10 наурызға дейін жұмыс істейтін болады. Мұз айдынында сағат 10:30-дан 23-00-ге дейін жалға беру пункттері жұмыс істейді», - деді қала басшысы.

Әкімнің айтуынша, жақында Түрксіб ауданындағы «MART» сауда үйінің алдында тағы бір мұз айдыны ашылады. Сырғанау алаңдарының жалпы аумағы шамамен 12 мың шаршы метр болмақ. Бұл — Медеу мұз айдынындағы мұздың бетіне қарағанда 1,5 мың шаршы метрге артық.

 «Көп уақытыңызды балалар мен отбасыңызға, достарыңызбен жақындарыңызға бөлгеніңіз абзал. Айналаңызға көңілді көңіл-күй сыйлай біліңіз. Жаңа жылдық көңіл-күй көтеріңкі болсын!», - деп жазды қала басшысы.