Саясат
Гинстің естеліктерінде құнды тарихи ақпараттар көп
Қазақстан жерін Ресей патшалығы отарлап, түрлі озбырлық жасағаны белгілі. Отарлаушы үкіметтің сан түрлі қылмысы жайында олардың арнайы жіберген саяхатшыларының жазған жазбаларынан-ақ оқуға болады. Георгий Гинс - Орталық Азия мемлекеттерін аралап, жергілікті халықтың тұрмысы мен салты жайында жазған адам. Оның жазбаларынан отарлаушылардың қандай озбырлыққа барғанын білеуге болады.
1909 жылы баспадан шыққан Гинстің "Жетісуға саяхаттың очерктері" атты күнделігінде Әулиеата уезіндегі Сырдария облысында болған сұмдық оқиға туралы жазылған екен. Онда Гинс отарлаушының қатыгездігі жайында былай дейді: "Бірде Сырдария өлкесінде болдым. Үйде отырған сәтте, мылтықтың тарс еткен дауысынан далаға атып шықтық. Қарасам қоныс аударған орыс шаруасы бақшасында жұмыс істеп жүр екен. Қолында мылтығы бар. "Не болды?" деп сұрағанымызда, жерде өліп жатқан қырғызды (қазақты) көрсетіп, "мынау баудан алманы алмақ болып жатыр екен, атып тастадым иттің баласын" деп миығынан күліп тұрды".
Гинс орыс отарлаушыларының адамдық кейіптен шығып, тым қатыгез болып кеткенін өкінішпен жазады. Мұрағаттарда мұндай оқиғалардың қаншасы жатқанын белгісіз.