Weekend

Мақпал Жүнісованың пікірі: Димаш туралы не айтты?

Халық әртісі Мақпал Жүнісова Димаш туралы ойын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мақпал Жүнісова Қазақстанда осы уақытқа дейін Димаштай әншінің болмағанын, сонымен қатар қазақстандық әншілер шетел сахнасында ән шырқағанымен, жеке ән кешін бергендер өте аз болғанын айтады.

"Димаштай азамат мың жылда бір рет туатын шығар. Ол, шынымен де, қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдыз десем, артық айтқаным емес. Димашты қайталаудың қажеті жоқ, ол — уникум, дара тұлға", — деді әнші Астана арнасының "Сырласу" бағдарламасында.

Сонымен бірге, Халық әртісі Димаштың Қазақстанда жүріп бірден бағын аша алмағанына тоқталды. Мұны бір кездері өзі де ата-анасына ескерткен екен. Оның айтуынша, Қазақстанда Димаштай әншіні қабылдамайды. Мұнымен қатар, ол кезінде біраз отандық әнші шетелде танылғанымен, интернет желісі дамымағандықтан, олар туралы видеолар аз екенін айтты.

"Димаш қазір Майкл Джексон сияқты халықаралық деңгейде концерттер беріп жүр. Бұл қазақта болмаған нәрсе. Бізде "Халықаралық әншімін" деп бүкіл әлемді жаулап алғандай сөйлейтіндер бар. Бірақ ешкім бұлай шетелде жеке концерт беріп көрмеген", — деді Мақпал Жүнісова.

Мақпал Жүнісова Димаш Құдайбергенмен қатты мақтанатынын, сонымен қатар Димашты көрген Ресейдің өзі біртүрлі болып қалғанын айтады. Ол сонымен қатар Димаштың Алла берген дауысын дұрыс пайдаланып жүргеніне ризашылығын білдірді.