Саясат
Демократтар дұшпандыққа барып отыр
АҚШ президенті Дональд Трамп импичмент рәсімі кезінде Сенатта ақталып шығамын деп мәлімдеді. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы 19 желтоқсанда таратқан мәлімдемесінде айтылады.
Бұған дейін Өкілдер палатасы импичмент рәсімі аясында Трампқа қатысты айыптау қорытындысын бекіткен болатын.
- Бүгін біздің еліміздің тарихындағы ең ұят саяси кезеңдер өтіп жатыр. Демократтар импичментті өткізу үшін қолдан жасалған заң баптарын ұсынып, елді шатастыруда, - деді Ақ үй.
Трамп әкімшілігінің ойынша, демократтар 2016 жылы өткен президент сайлауында жеңіліп қалғаны үшін Трампқа "тіс қайрап" отыр. Сондықтан осындай заңсыздықтарға баруда әрі 2020 жылы өтетін сайлауға Трамптың қатысқанын қаламайды.
- Президент сенат палатасының өкілдері импичменттің заң шеңберінде тексерілетініне сенім білдіріп отыр, - деді Трамптың баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, енді импичмент туралы айыптау сенатқа жіберіледі, онда рәсім сот процесіне айналады.