Экономика
Енді заң жобасын Сенат қарауы тиіс
АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы 2020 жылы Украинаға 698 миллион доллар көлемінде қаржылық көмек көрсетуге «оң» дауыс берді. Бұл туралы Украинская правда басылымы хабарлады.
- Қаржы Украинаның демократиялық жолға түсуіне көмектеседі, - деді демократтар өкілі Марси Каптур.
АҚШ-тың қаржылық қолдау көлемі өткен жылға қарағанда 2,3 миллион доллар артық.
Әрі қарай шешімді АҚШ Сенаты қарастырады.
Бұған дейін конгрессмендермен келісілген АҚШ-тың 2020 қаржы жылына арналған қорғаныс бюджеті Украинаға 300 миллион доллар сомасында әскери көмекті қамтитындығы хабарланған болатын.