Weekend
Баспасөз бостандығы рейтингісі жарияланды
Рейтингке барлығын қосқанда 180 ел кірді. Қазақстан осымен екінші жыл қатарынан 158-ші орынға орналасты.
Көшбасшылар: Норвегия, Финляндия, Швеция, Нидерланды, Дания.
«Еркіндігі» төмен дәрежедегі елдер қатарына Вьетнам (176-орын), Қытай (177-орын), Эритрея (178-орын), КХДР (179-шы), Түркменстан (180-ші орын) мемлекеттері кірді.
Қазақстанмен көршілес елдер келесі орындарды иеленді: Қырғызстан — 83-ші, Ресей — 149-ші, Өзбекстан — 160-шы, Қытай — 177-ші.