Weekend
Жастар тәрбиесі
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №52 мектеп-лицейде Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қалмұратов Мұратәлі Оразалыұлы, Абай ауданы әкімінің орынбасары Бурлибаев Санжар Тасқынбайұлы, Қатын көпір елді мөлтек ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Салыбек Құдияров, Абай аудандық Қоғамдық келісім кеңесі мүшелері, белсенді аудан тұрғындары және жастармен кездесу өтті.
Жиын барысында ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Салыбеков "Ұлт аралық татулық" тақырыбында баяндама жасап, тұрғындарды татулыққа, имандылыққа шақырды.
М.Қалмұратов сөз алып, жастарды 8-9 сыныптан мамандық таңдауға шақырды. Тұрғындарға бірнеше мысал келтіре отырып елдің ынтымағын арттыруды, ел үшін игілік жасауды және ардагерлермен ел ағаларын бір-біріне құрмет көрсетіп, жиі бас қосып, сол жиын барысында мәселелерді бірлесіп шешуге шақырды. Ауыл билері тарапынан сұрақтармен, ұсыныстар айтылды.