Weekend

Қазақстанға өлім жазасын қолдану қажет пе?

Өзімді өлімге қимаймын...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Соңғы жылдары дүниежүзінде өлім жазасын жоюға және оның қолдану аясын таратуға шешуші қадамның жасалып жатқаны байқалады. Бүгінде 130 елде бұл жаза жойылған. Қазір тек Қытай, Иран, Пәкістан, Сауд Арабиясы және АҚШ-та сақталып отыр. Ал Қазақстанда болмаған бұл жаза түрін қолданысқа енгізуіміз керек пе? Біз өлім жазсын қолдану арқылы қылмыстарды азайта аламыз ба? 

Қылмыстық істердің ішінде өлім жазасына сұранып тұратын жазалар да бар сияқты. Және бұл жаза Қазақстан да орын алып жатыр. Бір үйдің жандарын түгелімен қырып кететін қылмыстар, бір үйдің болашағы болған ұлының, шағын Отан мұрагерінің өмірін қыршынынан қиюы, еркелетіп өсірген болашақ бір үйдің жарық сәулесін зорлап кетуі тағы бар. Ал осы қылмыскерлерді абақтыға қамап бағуымыз керек пе? Неліктен? Неліктен олар бір шамшырақты өшіріп жатқанда, біз олардың өмір сүруіне үлес қосуымыз керек? Осы себепті айтарым, біздің Қазақстанға да бұл жаза түрін қолданар сәт келіп жетті. Басқа қылмыскерлердің санасына "Азар болса, түрмеге жабылып бірнеше жыл қамауда болып шығармыз" деген ойды емес, "Өзгенің өміріне қауіп төндіргенім - өз өміріммен қоштасқаным" деген ойды қалыптастыруымыз қажет секілді.

Әлеуметтік желіге "Қазақстанға өлім жазасы керек пе?" деген сауалға қарапайым халықтың көпшілігі қолдану керектігін құптаған. "Адам өлтіретін маньяктар, терористер көбейіп кетті, оларды тірі қалдыру қоғамға қауіпті" десе, енді бірі "Қазіргі заманда керек боп тұр, күнде бір жан түршігерлік оқиға" деп өз ойларын айтқан.

Заңның қатаң талаптары - ел болашағының амандығы. Ай мен күннің аманында жас бөбектерімізді асыр салып ойнатуға әрқайсысымыздың болмасын құқығымыз бар. Қазақстанға келіп жетпеген өлім жазасын қолдану қажет! Ал сіздің ойыңыз қандай?..