Саясат

Елордада Президенттің қатысуымен Ұлттық кеңес отырысы басталды

Екінші отырыс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысы басталды. 

Жиынға ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов, Президент кеңесшісі Ерлан Қарин, Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, сондай-ақ Кеңес мүшелері қатысуда. Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың 12 маусымында Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанынан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Жарлыққа қол қойды. 

Ал 6 қыркүйекте елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өткен еді.

ҚазАқпарат