Экономика
Бағаның құнсыздануы
2019 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жылдық баға өсімі ЕАЭО елдері арасында ең жоғары болды. Қазақстандағы жылдық инфляция 5,4%-ды құрады.
Беларусьте көрсеткіш 5%-ға, Ресейде – 3,5%-ға, Қырғызстанда — 2,8%-ға және Арменияда — 1%-ға жетті. Бұл ретте ЕАЭО-да бағаның жиынтық өсімі 3,7%-ға тең.
Елімізде секторлар бөлінісінде бір жыл ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 9,7%-ға өсті. Осы көрсеткіш бойынша ел Одақтың барлық елдерін басып озды. Қырғызстанда өсім жылына 5,1%-ды, Беларусьте – 5%-ды, Ресейде — 3,7%-ды, Арменияда — 0,9%-ды құрады.
Қызмет бағасының өсуінде біршама өзгеше жағдай байқалды. Қазақстанда бұл сегментте бағаның өсуі жыл ішінде 0,6%-ға тең болды. Бұл — Одақтағы ең төмен көрсеткіштердің бірі. Ал ең төмен көрсеткіш Қырғызстанда тіркелді — 0,3%. Беларусьте ақылы қызметтер бағасы 7,3%-ға, Ресейде – 3,9%-ға, Арменияда — 1,2%-ға өсті.