Weekend
Ең бастысы – адамдардың қауіпсіздігі
Непал үкіметі Эверестке көтерілуге рұқсат беру ережелеріне өзгерістер енгізуге ниетті, деп жазады Reuters.
Билік туристерді осы уақытқа дейін 6,5 км биіктікке көтерілгенін дәлелдеуді міндеттеуді ұсынады. Сондай-ақ олардың биік таулы треккингтің үш жылдық тәжірибесі болуы қажет. Сонымен қатар, барлық саяхатшылардан денсаулығы туралы анықтама талап етуді жоспарлап отыр.
Топтарға ілесетін гидтердің де биіктікке көтерілуінде үш жылдық тәжірибесі болулары керек.
Жазда Непал шенеуніктері, сарапшылар мен тау туризмі саласындағы агенттіктерден тұратын арнайы комиссия үкіметке қауіпсіздікті сақтау үшін альпинистерге қатысты ережелерді қатаңдатуды ұсынғаны туралы хабарланған болатын.