Саясат
Гонконгқа туристердің келуі 56%-ға төмендеген
Гонконгтың туризм басқармасы жаппай наразылықтардың жалғасуына байланысты әрі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа жылдық отшашуды тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Bloomberg.
Оның орнына Виктория бухтасының үстінде «Шамдар симфониясы» атты жарық шоу ұйымдастырылып, ғимараттың қасбеттерінен және үйлердің төбесінен басталатын пиротехникалық элементтер көрсетіледі.
Шенеуніктер «ағымдағы жағдайды ескере отырып» шоудың форматын өзгертуді ұйғарған, іс-шараларда қауіпсіздік мәселелеріне үлкен мән беретіндігін түсіндірді.
Басшылықтың мәліметтеріне сәйкес, қараша айында Гонконгқа туристтік ағын жылдық өлшемде 56%-ға төмендеген, бұл – 15 жылдағы ең ірі құлдырау.
Гонконгта жаппай наразылықтар маусым айында басталды. Бірнеше іскерлік кездесулер мен спорт шараларын, оның ішінде Clockenflap музыкалық фестиваль өткізілмей қалды. Содан Гонконгтағы туристік бизнес пен сауда да төмендеп кетті.