Саясат

Боливияда Моралестің есімі берілген стадиондардың атауын ауыстырылмақ

Оның ішінде, 500 медаль мен 800 спорттық нысандар бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Боливияның уақытша билігі елдің бұрынғы президенті Эво Моралестің есімін қойылған спорт нысандарының атауын өзгерту туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Bolivia TV телеарнасының эфирінде Боливия спорт министрлігінің басшысы Мильтон Наварро мәлімдеді.

Оның айтуынша, стадиондар мен басқа да спорт нысандарының құрылысын Моралес емес, ел азаматтары қаржыландырды. Яғни, бұрынғы президенттің сіңірген еңбегі жоқ. Сондықтан оның бәрін өзгерту керек. 

Сонымен қатар, Уақытша үкімет Эво Моралес атымен аталатын 500 медаль мен 800 спорттық нысанды есептен шығарды.

Боливияда президент сайлауында Моралес жеңгеннен кейін, жаппай наразылық шаралары басталфп, саясаткерге елден қашуға тура келді.

Осы аптада ереуілге, лаңкестікке арандату және терроризмді қаржыландыруға байланысты айыптаулармен қылмыстық істі тергеу барысында Боливия прокуратурасы Моралесті қамауға алу үшін ордер берді. Ордер Интерполға жіберіледі.