Экономика
Kaspi.kz 2019 жылдың 9 айында қанша табыс тапты?
2019 жылдың қыркүйек айында Kaspi.kz суперқосымшасын қолданушылар саны 5.4 миллион болды. Таза пайда 61.4% ұлғайып, 134.8 миллиард теңгеге жетті.
«2019 жылы біз қазақстандықтардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналған Kaspi.kz мобильді суперқосымшасының танымалдылығының ерекше қарқынмен артуына байланысты табысты дамуды жалғастырудамыз. Қазіргі кезде қосымшаның 6 миллион белсенді қолданушысы бар. Kaspi.kz көмегімен біздің сүйікті клиенттеріміз тұрақты төлем, аударым жасап, депозит ашады, кредит алып, бонус жинап, жұмсайды, онлайн және Kaspi QR арқылы еліміздегі 15 мыңнан астам дүкендерде тиімді зат сатып алады. Kaspi QR көмегімен тікелей Kaspi.kz суперқосымшасында біздің клиенттеріміз картасыз, жылдам және оңай зат сатып алады», — деді Kaspi.kz басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе.
2018 жылдың 9 айымен салыстырғанда 2019 жылдың 9 айының шоғырландырылған қаржылық нәтижелерінің негізгілері: табыс 34% өсіп, 363.2 миллиард теңгеге жетті; таза табыс 61.4% өсіп, 134.8 миллиард теңгеге жетті; таза табыс бойынша табыстылық 30.8%-дан 37.1%-ға ұлғайды; Kaspi.kz суперқосымшасын белсенді қолданушылар саны 2018 жылдың 30 қыркүйегінен бастап 3 миллионға ұлғайып, 5.4 миллионға жетті.