Саясат
АҚШ импичмент мәселесі
Қазіргі кезде импичменттің қалай жалғасатыны, қашан қаралатыны, Сенатта кімнің куәгер ретінде сөйлейтіні белгісіз.
Демократтар ағымдағы жылдың 24–қыркүйегінде Трампқа сенімсіздік білдіріп, мәселе көтерген еді. Оған Трамптың 25–шілдеде Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесуі негізгі себеп болды. Ол кезде АҚШ Президенті Украина президентінен экс-вице-президент Джо Байден мен ұлы Хантерге қатысты тергеу бастауды сұрады. Сондай-ақ ол 2016 жылы АҚШ-тағы сайлауға Украина аумағынан ықпал ету мүмкіндігі мәселесін де ескеруді сұраған.