Weekend

Жер дауы - жесір дауы

Жер дауынан үлкен дау жоқ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ертедегі Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы Мөде қағаннан көрші Дунху мемлекетінің ханы: «Достығымызды сыйласа, сәйгүлігін, сүйген жарын берсін», деп талап етеді. Сонда Мөде арғымақ та, әйел де ел тыныштығының кепілі болсын деп көрші мемлекетке табыстайды. Келесі жолы Ғұн билеушісінен жердің шаруашылыққа жарамсыз, бос жатқан кішкене бөлігін беруін сұрайды. Сол кезде Мөде қаған ашуға булығып: «Жер - мемлекеттің негізгі тірегі, мұндай басынғандыққа қарап отыра алмаспыз», - деп бірден соғыс жариялайды.

Осыдан-ақ жер дауы ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін жалғасып келетіндігін байқауға болады. Шешімін таппаған мәселелердің барлығы заңдағы құқық нормаларының дұрыс сақталмауынан туындап отыр. Көбінесе елді мекендер мен ауылды жерлерде ұшырасатын жағдайларда баспана заңсыз жерде бой көтергені, тұрғындардың су мәселесіне, жер дауына тиек болуда. Әкімшілік басқару жүйесі де еш ескертусіз кәсіпкерлерге біреудің меншігін сатып жіберуі, арадағы түсініспеушілік пен келіспеушіліктер қанша жылдан бері жалғасып келеді. Тіпті, санында есеп жоқ.

Жер дауын шешудің бірден-бір жолы ҚР-ның Конституциясында көрсетілген «Жер туралы» тарауындағы, яғни, «Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқы және өзге де құқықтар» бөліміндегі құқықтық нормалар мен міндеттердің сақталуы болып табылады. Себебі «тәртіпке бағынған ел құл болмайды, тәртіпсіз ел-ел болмайды». Заңға билеуші және тұтынушы тап өкілі де, меншік иелері де толық бағынып, заңға сай әрекет етсе, дау жоғалмаса да, азаяр еді.