Саясат

Тәуелсіздік

Тәуелсіздік

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тәуелсіздік

Жырға басқан жылдардай өтті айларым,
Секем алған жаныңнан шықты айғақ үн.
Қайратпенен Ләзаттар қорғап кеткен,
Тәуелсіздік тәуелсіз көк байрағым!
 
Алар асу қараған шын шыңға тік,
Талай ақын азаттықты жырлатып.
Қара қазақ қанын төккен майданнан,
Тәуелсіздік бізге берген бір бақыт.
 
Алты алашым бір Алланың құлы бек,
Егемендік майдан болған ғұмыры ед(і).
Шариғатты бек ұстанған қазаққа,
Тәуелсіздік Алла берген нығымет!
 
Жаңа жыл деп шампан атып, тоңса кеп,
Көп ұяттан қызарарма мұнша бет.
Санасында тәуелсіздік жоқтар жүр,
Желтоқсанның ызғарында "шырша" деп.
 
Найза ұшында демеген ұл тоқтас қыл,
Батырларым елім дейтін отпас құр.
Қан майданнан алған қазақ елдігін,
Майдансыз-ақ талап жатыр көп қасқыр.
 
Жан аямай тәуелсіздік жолында,
Азаттықты қойған басты орынға.
Жан ұшында қорғап өткен азаттық,
Кетпесінші көрінгеннің қолында!