Саясат
Цинпу түрмесі
Ұлыбританияда алты жасар қыз Рождествоға жазған ашық хаттардың ішінен Қытай түрмесіндегі тұтқындардың жазған хатын тауып алған. Бұл туралы Sunday Times хабарлайды.
Газеттің хабарлауынша, алты жасар Флоренс Уиддик аталмыш хатты Tesco дүкенінен сатып алған екен.
- Біз – Шанхайдағы Цинпу қытай түрмесіндегі шетелдік тұтқындармыз. Бізді күштеп жұмысқа салуда. Бізге көмектесіп, құқық қорғау ұйымдарына хабарлаңызшы, - делінген хабарламада.
Теско компаниясы да жауап дайындады, деп хабарлайды ВВС қызметі. Онда мұндай ашықхаттарды өндіру бойынша Қытай фабрикасымен ынтымақтастықты тоқтатқандығын және бұл оқиғаны жеке тергеуді бастағандығын мәлімдеген.
Компания өкілінің айтуынша, компанияда жұмыс күшін тексеріп отыратын арнайы аудит жүйесі бар. Бұл жүйе жұмысшыларға күштеп жұмыс жасатудың алдын алады. Одан бөлек, аталмыш компания қарашада қытайдағы серіктестерін тексеріп, күмән туғызатындай ешнәрсе таппаған екен.