Экономика

40 инвестор: 2019 жылы ел экономикасына шетелдіктер қаржы салды

40 шетелдік инвестор қаржы салды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасына жаңадан 40 шетелдік инвестор қаржы салған.

Бұл инвестиция кәріз-тазалау құрылғыларын жаңғыртуға, «блокчейн компетенциясы» орталығының құрылысына және 1000 орындық көпбейінді клиника мен жылыжай салуға жұмсалады.

Дәл қазіргі таңда елімізде шетелдік капиталмен 17 мың компания жұмыс істеп тұр. Өткен 11 айда Қазақстан Еуропалық кеңеске мүше мемлекеттерден, АҚШ, Сингапур, Австралия, Франция, Түркия мен Ресейден инвесторлар тартқан. Жалпы өткен жылдарға көз жүгіртсек, тікелей инвестиция көлемі 2011, 2012 және 2018 жылдары көп болған.

Шетелдік инвесторлар Қазақстанның машина құрылысы, көлік және логистика, агроөнеркәсіп пен химия өндірісіне қаржы салған. Тәуелсіздік жылдары экономикамызға 120 ел 330 млрд доллар қаржы салған.

inbusiness.kz