Саясат

Ұйқыдағы айдаһар оянды: Қытай әскері АҚШ-тан асып барады

Вашингтон тоқтата ала ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытайдың әскери теңіз күштері күшеюі мүмкін, қауқары жағынан теңізге қожайындық орнатып отырған АҚШ-тың әскерінен асып түсуі мүмкін, деп хабарлайды «RT.COM». 

Сайт ақпаратына сүйенсек, бұл процесс қазірдің өзінде басталып жатқан сияқты және Вашингтонның оны тоқтатуға шамасы жетпейтін көрінеді.

Жақында Шанхай маңындағы Қытай әскери кемелерінің бірін көрсеткен фотосуреті көргендерді таң қалдырды. Forbes іскерлік журналы да жақында өзінің оқырмандарына Қытай әскери-теңіз модернизациясының (осызамандандыру) «ғажап жылдамдығы» мен «кең ауқымы» туралы алаңдатарлық әңгіме айтты.

- Шынында да, кеме жасайтын зауыт керемет әсер қалдырды. Онда портқа жағалай қосылған жаңадан салынған тоғыз жойғыш кемені көруге болады. Онымен салыстырғанда, Ұлыбританияның әскери-теңіз флотында осындай алты ғана кеме бар, - деп жазады Forbes журналы.

Бұл аз болғандай, дәл сол кеме жасау зауыты Қытайдың қатарынан үшінші шабуылдаушы ұшақ тасымалдайтын кемесін жасауда. Шаньдун деп аталатын екінші осы аптаның басында Халық-Азаттық армиясы Әскери-теңіз күштеріне табыс етілген болатын. Бұл ең алғашқы толықтай Қытайда өндірілген отандық әскери ұшақ тасымалдаушы кемесі болып табылады.

Шанхай зауытында салынып жатқан зауыт бұдан да үлкен болады деп болжам жасалып отыр. Атап айтқанда, оған электромагниттік катапульт орналастырылмақ. Яғни, бұл қару АҚШ әскери-теңіз күштерінің ең жаңа тасымалдаушысы USS Gerald R. Ford-пен қуаты жағынан бірдей.

- Ең бастысы, бұл кеме шығаратын зауыт - Қытайдың нақты мүмкіндіктерінің көрінісі іспетті, өйткені «Қытайда кеме жасайтын зауыттар аз емес», - деп ескертеді Forbes.