Спорт
2020 жылдағы басты міндеті – Олимпиада ойындары
Барлық спорт түрі бойынша биылғы жарыс маусымы аяқталды. Өткен жылға есеп беретін уақыт та жеткен сияқты. Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Olympic.kz сайтына берген сұқбатында биылғы жылға қорытынды жасады.
Биыл алты үлкен турирге қатыстым. Оның екеуінде, атап айтқанда, Анталия мен Будапештте өткен Гран-при турнирінде чемпион атандым. Күміс жүлдегер де болдым. Сөйтіп үштікте тұрмын. Бұл биылғы маусымды жақсы аяқтағанымды көрсетеді.
2020 жылдағы басты міндет – Олимпиада ойындары. Биыл алған жүлдемнің бәрі келер жылғы Олимпиада алтынына бір табан жақындатады. Бұйырса, Токиода алтыннан алқа тағынам деген ойдамын», – деді Сметов.