Экономика
Қаржы журналы
Forbes негізін 1917 жылы Берти Чарльз Форбс қалаған. Қазір журнал әлемдегі беделді баспа басылымдарының бірі болып табылады, деп хабарлайды РИА Новости сайты.
Рейтингті есептеу кезінде 2018 жылғы 28 желтоқсаннан 2019 жылғы 13 желтоқсанға дейінгі кезеңдегі нарықтағы активтерді сатуға жасалған талдау ескерілді.
Осы жылы Christiandior, Louis Vuitton және Givenchy маркаларына ие MoetHennessy – Louis Vuitton компаниясының иесі Бернар Арно ең көп табыс тапты. Ол биыл 40 миллиард доллар табыс тапқан.
Рейтингтегі екінші орынға Марк Цукерберг биылғы 22 миллиард долларымен орналасты. Үшінші орынды 17,5 миллиард АҚШ долларын құраған Zara брендінің иесі Амансио Ортега алды.
Ең кедей миллиардер үнді кәсіпкері Азим Прежми болды. Оның табысы 14,1 миллиард доллар құлдыраған. Сондай-ақ осы тізімге Amazon компаниясының иесі Джефф Безос (минус 13,1 миллиард доллар) және Essel Group төрағасы Субхас Чандра (минус 3,4 миллиард доллар) кіреді.