Hi-Tech
Нұр–Сұлтандағы iKOMEK орталығы сөйлейтін кеңесшіні іске қосты
Виртуалды көмекші қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қоңырау шалушыға қажетті ақпаратты береді.
iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына күнделікті 5 000-нан 14 000 қоңырауға дейін келіп түседі, жыл мезгіліне және тұрғындарды алаңдататын мәселелерге байланысты немесе қала бойынша авариялық жағдайларда қоңыраулар саны тәулігіне 30 000-ға дейін жетеді. Байланыс орталығына түсетін салмақты азайту және шығынды төмендету үшін виртуалды көмекші болып қызмет атқаратын iNUR атты робот-кеңесші жасалып шығарылды. Ол тұрғындардың жиі қайталанатын сұрақтарына жауап береді.
Сондай-ақ, роботты енгізу цифрлық инновациялық технологиялар дамуымен үндестікте болып, iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына келіп түсетін қоңырауларды өңдеуде қол еңбегіне түсетін күшті төмендетуге мүмкіндік береді. Виртуалды көмекшінің есімі дауыс беру көмегімен таңдалғанын айта кеткен жөн.
Сөйлейтін робот нейрондық желілер мен жасанды интеллект арқылы диалог құру және бейімделу жүйесіне ие. Қоңырауларды өңдеу кезінде шағын деректер көлемі арқылы үйренуге қабілетті NLU-алгоритмі пайдаланылады. Тәулік бойғы режимде сөйлейтін кеңесші Айнұр – iNUR азаматтардың келесі мәселелеріне жауап бере алады: сабақтың болмауы, тасжолдардың жабылуы, авариялық жұмыстар, дәл уақыт, кеңесші-дәрігермен қосу, iKOMEK бірыңғай байланыс орталығының операторымен қосу.