Weekend

Тараздың өз Big-ben-і бар

Жамбыл облысының құрылғанына 80 жыл толуына орай Тараз шаһары жаңа нысандармен толығып көркеюде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"80 жылдыққа - 80 нысан" бағдарламасы аясында күні кеше Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында облыстық дарама театрда өзі көзі тірісінде еңбек сіңірген халық әртісі А.Тоқпанов пен Баласағұн орталық залында К.Әзірбаевтың ескерткішінің ашылу салтанаты болып өтті. 

Сонымен қатар қалалық мәдениет үйінде "Әуендер әлемі" алаңы мен Тараз-Арена спорт кешенінде ел намысын қорғаған жергілікті спортшыларымызға арнап "Даңқты спортшылар" алаңы ашылды.

Сондай-ақ 2000 жылдық тарихы бар қайта жаңғырған көне Тараз қаласының тарихынан сыр шертетін "Тектұрмас" этно-мәдени кешені жұртшылық назарына ұсынылды. Аталмыш этно-мәдени кешеннің қақ төрінен орын алған Әулие Ата ескерткіші өңір тұрғындарына қолын жайып бата беріп тұрғандай. Таразды қайта түлеткен "Көне Тараз" тарихи кешенінен атақты "Big-Ben"-ге ұқсас мұнара бой көтерді.