Weekend

Сауд Арабиясы 18 жасқа дейін некелесуге тыйым салды

Сауд Арабиясының Әділет министрлігі некеге тұрудың ең төменгі жасын 18 жасқа дейін деп белгілеп, ерте жаста некеге тұруға тыйым салды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сауд Арабиясында ерте жастан некелесуге тыйым салынды. Жаңа заң некеге тұру үшін ең төменгі жасты белгіледі – 18 жас, деп хабарлайды Saudi Gazette.

Егер 18 жасқа толмаған жасөспірім үйленгісі келсе, онда оған арнайы рұқсат алу керек. Кейін мұндай өтініштер сотқа жіберіледі. Онда ерте неке жас жұбайларға және оның болашағына кері әсерін тигізе ме, жоқ па деген шешім қабылданады.

Бұған дейін Сауд Арабиясында әйелдер құқығы біршама кеңейтілген еді. Саудия әйелдеріне салт саяхат жасауға және жаңа туған баланы өз бетінше тіркеуге рұқсат етілді. Ал өткен жылы саудиялық әйелдер өз бетінше автомобиль жүргізу құқығына ие болды.