Weekend
Жыр
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЖақсылармен өткізген күн бағалы
Жаныма кіл жарық нұрын салады.
Игілікті жолдағы асыл жандардың
Ғибрат сөзі жүрекке жол табады.
Ақ көңілді ақындарға таң қалам
Сөйлеп жатыр олар үшін бар ғалам.
Адам жанын суреттейтін сөзбенен
Қанаттандым қаламы ұшқыр жандардан.
Жүрегі кең жомарт жанға таң қалам,
Ел дегенде ет жүрегін арнаған.
Ел ішінде өнер деген кенішті
Заманының атымтайы қолдаған.
Тіл дегенде – бойда қаны ойнаған
Жаңашырға туған тілдің таң қалам.
Тілім деген- қазақ барда ортамда
Патриоттық сезім ойнап жанданам.
Өнер сүйген оқырманға таң қалам
Оқырманым болса жырым солмаған.
Қазақы исі кетпей жүрген бойынан
Аман болсын айналамда барша адам!!!
Камшат Абылгазиновна
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61