Weekend

Назарбаев зияткерлік мектебінде желілік спартакиада жеңімпаздары анықталды

Дербес білім беру ұйымы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде баскетболдан ІІ Желілік спартакиаданың финалдық кезеңі аяқталды. Ақтық мәреге спорттық жарыстың аймақтық кезеңінде топ жарған  он екі зияткерлік мектеп командалары қатысты. Олар Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Орал қалаларынан келген ұлдар және қыздар құрамалары.


Спартакиада тартысты бәсекелер мен достық ахуалда өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар спортқа деген сүйіспеншілікті еселендіріп, командалық рух пен зияткерлердің өзара ынтымақтастығын нығайта түседі.

Спорттық жарысқа жалпы саны 12 зияткерлік мектептен 100-ге жуық оқушы қатысты. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубоктар, медальдар және арнайы дипломдар табыс етілді.

Ұлдар арасындағы I орынды Шымкент қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары иеленді. Жүлделі II және III орындарды  Оралдағы физика-математикалық және Қарағандыдағы химия-биологиялық бағыттағы зияткерлік мектептердің спортшылары бөліп алды.

Ал қыздар арасында өткен тартысты бәсекенің жеңімпаздары болып Ақтөбенің физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп бұрымдылары танылды. Екінші орынды Қарағадының химия-биологиялық бағыттағы Зияткерлік мектеп арулары иемденсе, үшінші орын Нұр-Сұлтан қаласының IB мектебіне бұйырды.

- Ең алдымен, осындай шара ұйымдастырған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымына үлкен алғысымызды білдіреміз. Осындай шаралардың арқасында біз басқа балалармен тығыз қарым-қатынас орнатып, жаңа достар таптық. Жеңісіміз біз үшін өте құнды. Әрине, оған жету оңай болған жоқ. Десе де, жеңіске деген сенімділік, жылдар бойғы дайындық бізге демеу болды. Сондай-ақ, бізге қолдауын аямаған Ақтөбе қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне алғысымыз мол! - деп бөлісті өз әсерімен Ақтөбе қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қыздар командасының мүшесі Дильназ Жалмағанбет.


Сондай-ақ, спартакиада барысында жақсы ойын көрсеткен спортшылар арнайы номинациялармен марапатталды. «Үздік ойыншы» аталымы елордалық Нұрасыл Жақанов пен ақтөбелік Медина Дюсембинаға берілсе, қарағандылық Владислав Несвельдин мен Валерия Сотникова «Үздік орталық ойыншылар» болып танылды. «Үздік шабуылшы» аталымын шымкенттік Әли Сүлеймен мен астаналық Сұлтанқызы Биназир алса, «үздік қорғаушы» аталымы оралдық Ердәулет Исманалиев пен шымкенттік Алина Боргульге бұйырды.