Саясат
Түркия Ливиядағы қақтығысқа араласуға дайындалып жатыр
Ливия Ұлттық Келісім үкіметі Түркиядан «әуеден, құрлықтан және теңізден» әскери қолдау сұрады. Бұл туралы Триполидегі үкімет өкіліне сілтеме жасап Reuters хабарлайды.
26 желтоқсанда Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған ел парламентінен Ливияға әскер жіберуге рұқсат сұрағандығы белгілі болған еді. Сонымен қатар, ол Анкараға тиісті шақыру келіп түссе, оны қабылдайтындығын да жеткізді.
20 желтоқсан күні Ливия ұлттық армиясының (ЛҰА) фельдмаршалы Халифа Хафтар Ливия ұлттық келісім үкіметін 72 сағат ішінде Триполи мен Сирт қаласынан шықпаса, «бомбала лақтырамын» деп қорқытқан болатын. Үкімет басшысы Файез ас-Сарраж Триполиге көмектесу үшін Түркиядан қақтығысқа араласуды сұрады.
ЛҰА өкілдерінің айтуынша, Файездің Түркиядан көмек сұрауы «батып кеткен адамды сабан шөппен тартып шығаруға тырысу» сияқты деп баға берді.