Саясат

Африкадағы содырлар Рождество күні 10 христианды өлтірді

Кек алу мақсатында

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Рождество күні «Ислам мемлекетінің Батыс Африка провинциясының» (ISWAP, бұрынғы «Боко Харам» деп аталған) содырлары кепілдегі 11 христианды өлтірді. Бұл туралы "Salkida.com" хабарлайды.

Лаңкестер Ирак пен Сириядағы өздерінің жетекшілері тұтқындағыларды Әбу Бәкір әл-Бағдади мен Аби әл-Хасан әл-Мухажирдің өлтіргендері үшін кек алу мақсатында өлтіргенін мәлімдеді.

Басылымның мәліметінше, содырлар 13 адамды кепілге алған: он христиан және үш мұсылман. Оның екеуі ғана, яғни, екі мұсылман ғана аман қалған.

Лаңкестердің кейбірі Нигериядан тұтқындалған азаматтарды қамауда жатқан ИМ (Қазақстанда тыйым салынған) мүшелерімен айырбастауға дайын екендігін айтса да, Нигерия үкіметі бұған келіспей отыр.