Саясат
Қайғылы жағдайға байланысты Bek Air компаниясы атынан көңіл айтамыз.
Bek Air әуе компаниясы мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Құрметті қазақстандықтар! Қайғылы жағдайға байланысты Bek Air компаниясы атынан көңіл айтамыз. Қазіргі уақытта біз оқиға орнында жұмыс істеп жатқандардан ресми мәлімет күтіп отырмыз. Сіздерден аноним хабарламаларға назар аудармауларыңызды сұраймын, себебі олар алаяқтық мақсатта таралуы мүмкін. Өтініш, ресми ақпарат күтіңіздер", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін қаза тапқандардың саны 15-ке жеткені хабарланды. Қазір 66 адам ауруханаға жеткізілген. 6 адамның жағдайы өте ауыр.