Саясат

Ақжарқын Тұрлыбай өмір бойы бас бостандығынан айырылды

Қазақстан билігі ештеңе істей алмады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Есірткі контрабандасы үшін айыпталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты үкім өзгеріссіз қалды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

- 2019 жылы 27 желтоқсанда Гуанчжоудағы сотта есірткі контрабандасымен айналысты деп айыпталған қазақстандық студент Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. Қытай соты өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкімді өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Отырысқа Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігінің консулы, адвокаттар қатысты.

Сот үкімі 10 күн өткеннен кейін күшіне енеді.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оны өмір бойы бас бостандығынан айыруға үкім етті. Біраз уақыттан кейін үкім алынып, іс қайта қарауға жіберілген еді.

Ал Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күзде Қытайға барған ресми сапарында да Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы жайлы қытай билігімен сөйлескен болатын