Саясат
Қарызды төлемегені үшін
Қытайдың Қырғызстандағы "Металл-Кен" компаниясы "Қайыңды кабель шығару зауытын" тартып алды. Негізгі себеп - қырғыздардың қытайдан алған несиесін уақытында қайтара алмауы.
Бішкектен 70 шақырым алыста орналасқан бұл зауыттың қытай компаниясының қоластына өткені Қырғызстан премьер-министрінің Шу облысына жасаған сапарында белгілі болды.
Аталмыш зауыттың базасында Қытай тарапы жаңа өндірістік база жасақтап, жылына 200 мың тонна арматура мен ауыр металл өнімдерін жасамақ. Ол жобаға $50 млн құю көзделіп отыр.
Жаңа кәсіпорынды Қытай тарапы 2020 жылы іске қосуды жоспарлауда.