Спорт
Жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді
Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов мансабын алдағы 2 жылдың ішінде аяқтауы мүмкін, деп хабарлайды RT.News порталы.
Бұл туралы оның әкесі әрі жаттықтырушысы Адбулманап Нурмагомедов айтты.
- Хабиб жақын уақытта мансабын аяқтауы керек. Бұл дегеніміз 1-2 жылда. Мұны барлық команда бірлесіп шешеді. Ылғи жеңу мүмкін емес. Мансапты қай кезде аяқтау керектігін түсіну керек. Хабиб 35 жасқа дейін де өнер көрсете алар еді. Бірақ ол көп қиындықтан өтті. Қаншама жарақат алды. Жаттығу да өте ауыр, – деді ол.
Еске сала кетейік, Хабиб Нурмагомедов келесі жылдың 18 сәуірінде америкалық Тони Фергюсонмен күш сынасады. Кездесу Нью-Йоркте өтеді.