Саясат
Шабуылға АҚШ мердігерінің өлімі себеп болған
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comИрактың қауіпсіздік ақпарат көздері жексенбі күнгі шабуылдан «Катаиб Хезболла» тобының кемінде 25 жауынгері қаза тауып, 50-ден астам адам жараланғанын хабарлады.
АҚШ бұл топты лаңкестік ұйым деп санайды.
Еске салсақ, жұма күні Керкуктегі базаға жасалған зымыран шабуылынан АҚШ мердігері қаза тауып, басқа қызметкерлер жарақат алған болатын.
Сенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Вашингтонда сөз сөйлеп, америкалықтардың өміріне қауіп төнген жағдайда АҚШ-тың кек алатыны туралы Иранға ескерту жасады.
- Бүгінгі біздің шешуші жауабымыз президент Трамптың бірнеше ай бойы айтқандарының айқын дәлелі болды. Біз Иран Ислам Республикасының америка азаматтары мен азаматшаларының өміріне қауіп төндіретін әрекет жасауына жол бермейміз, - деді.
АҚШ қорғаныс министрі Марк Эспер журналистерге F-15 жойғыш ұшағының Хезболланың бес нысанына соққы бергенін айтты. Пентагон олардың үшеуі Ирактың батысында, екеуі Сирияның шығысында орналасқанын хабарлады.
Эспер мырза нысанада қару сақтайтын орын немесе командалық-басқару орталығы болғанын айтты.
Ирак ақпарат көздерінің хабарлауынша, бірі Аль-Каимның батысындағы халық жасақтар тобының штабына соққы берген және қаза болғандардың арасында кемінде төрт командир болған.