Спорт

Қазақ баласы Роналдумен кездесті

Орындалған арман

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Қазақстандық Ник Вуйчич" атанып кеткен Әли Тұрғанбеков "Ювентус" футбол клубының даңқты ойыншысы Криштиану Роналдумен кездесті. Осылайша, екі аяқсыз дүниеге келген баланың көптен бергі арманы орындалды.

Футбол әлемінің жұлдызымен кездесу сәті түсірілген бейнеролик және фотосуреттер Әли Тұрғанбековтің және спортшының «Instagram»-дағы парақшаларында жарияланған. 

Кездесуде Криштиану балақайдың добына қолтаңбасын қалдырса, Әли оған отандық шоколад сыйлады. Бұл жүздесуге риза болған UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов: 

- Әлемде үздік екенің осы себепті. Көп рахмет, Роналду. Сен менің бауырымды бақытты еттің, – деп жазды «Instagram» парақшасында.