Саясат
Лаңкестік шабуылдардың алдын алғаны үшін
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comРесей президенті Владимир Путин терроризмнің алдын алуға көмектесіп, барлау қызметінің деректерін бергені үшін АҚШ президенті Дональд Трампқа алғыс білдірді. Бұл туралы «BBC News» хабарлады.
Бұған дейін орыс БАҚ-тары Санкт-Петербург қаласында лаңкестік ұйымдастырмақ болғандардың қолға түскенін хабарлаған болатын. Алайда лаңкестік шабуылдың жай-жапсары айтыла қоймаған еді. Тек екі ресей азаматының ғана ұсталғаны анық еді.
Кейін жексенбі күні Путин әріптесі Трампқа телефонмен хабарласып алғыс айтқаны әрі АҚШ-тың барлау қызметі лаңкестік болуы мүмкін деген желеумен орыстарға мәліметтер бергені белгілі болды.