Weekend
Бүгіннен болашаққа
Мектеп оқушысы үшін студенттік өмірді сезіну қызық әрі керемет. Осы орайда өзімнің басынан өткен тамаша 5 күн жайлы айтып берсем. Бұл Әл-Фараби атындаға Қазақ Ұлттық Университетінде болған болашақ журналисттің арманын орындайтын, "телешежіре" журналистика факультетінің 85 жылдығына орай ұйымдастырылған болашақ тележурналистерге арналған республикалық кәсіби-шығармашылық фестиваль бағдарламасы тележурналистика курсы-арманыма бір табан жақындағандай болды.
Дәлірек айтсам, алғашқы күннен-ақ ұстаздары да, оқитын студенттер де жарқын көңілмен қарсы алды. 1 курс студенттері Айдана мен Толғанай бізді бала демей, университеттің ішін, кітапханасын көрсетіп, студенттік өмірдің алғашқы кезеңіндегі қызықтарын айтып, бар білгенімен бөлісті. Бұл біз ойлағаннан да керемет бастау еді. Осы күннен студенттік сезім өзімізде де пайда болды. Бірінші күні ашылуы,сонымен қатар бәрімен танысумен бастау алды. Екінші күннен-ақ студиода stund up түсіріп, мақала жазып, өзімізді шыңдай түстік, сонымен қатар, сол университетте оқитын Динара, Жұлдыз, Айдана сынды 3 курс студенттері бізден сұхбат алып,камера алдында өзімізді қалай ұстау керек деген сияқты сабақтарды үйретті.
Бірден бейтаныс ортаға тап болғанмен, бізді бөлектемей өздерінің іні-қарындастары ретінде қарсы алғаны үшін осы университеттің студенттеріне алғысым шексіз. Қалған күндері де бос өтпеді. Алар ақпаратымыз көп болды. Тек сөйлеп камераға түсу емес, сонымен қатар монтажды үйрене алдық. Ол үшін 4 курс студентті Сағыныш Тасболат пен 3 курс студентті Лаураға алғыс айтамын. Және де сол күндер аралығында 3 курстар арасында "сөйле қазақстан" байқауы өтті, тамашаладық, көп нәрсе үйрендік.
Бұл студенттер "ақпарат.кз" , "денсаулық.тв" ,"саяхат news", "жас дәурен", "заң.тв" , "ғаламшар.тв", "адал-ас.тв" секілді 7 топты құрады. Әр қайсысы өзінше дайындалып,байқауды өте керемет деңгейде өтуіне үлес қосты. Және өзімді студент сезінгенім соншалықты белгілі бір себептермен менде "жас дәурен" тобына көмек ретінде көмектесіп сахнада өнер көрсеттім. Байқау жоғары деңгейде өтті,айтар болсам "заң.тв" тобының киімдері, "саяхат news" тобының Алматыға видео арқылы саяхаттатқаны және де басқа топтардың өзіндік ерекшеліктерімен өнер көрсетуі өте жоғары дәреже де болды.
Осы Қазақ Ұлттық университетін бітірген - Шах-Керім, Жанар Жолтаева, Әріпжан Әли, Элмира Жүнісова секілді білікті журналисттер өздерінің мастер класс сабақтарын өткізді, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Бала журналисттен болашақ журналист қалай пайда болғанын білдік және сол жолдың ізін басуға қадам жасадық. Осының бәрін ұйымдастырған ардақты ұстазымыз,оқуға шықырып бар білгенін үйретіп,өз балаларындай көрген Жидегүл Әбдіжәділқызына айтар алғысым шексіз.Біз осы университетіне түсіп,апаймен қайта қауышамыз деп үміттенемін.
Байқасаңыздар біз 5 күн ішінде көп деген адамдармен танысып, жаңа ортада, жаңаша өмір сүргендей болдық,әрине бұл өмір-студенттік өмірдің басы дер ем. Қызықты да, керемет күндер үшін Қазақ Ұлттық универститетіне, оның ұстаздары мен студенттеріне басымды иіп алғыс айтамын.
Бақберген Ернұр
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандығаш қаласы, 1 орта мектебінің 11 сынып оқушысы
Ғылыми-жетекшісі Жидегүл Әбдіжәділқызы