Weekend

Шыршаның шырқы кете бастады ма?

Жаңа жылдың қазіргі кейпі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шыршаның да шырқы кете бастады ма? Жаңа жыл-жалпы әлем үшін орны бөлек мереке болып есептеледі.

Бұл мейрамды тойлайтын халықтардың арасында қазақ елі де бар. Әрине, жаңа жыл қазақтардың мейрамы емес, тойламауы керек деген пікірлер жиі айтылады. Дегенмен бұл сөздерді қолдайтындары да бар, қолдамайтындары да бар. Әркімнің өзіндік пікірі қалыптасқан. Алайда бұл күні жаңа жылдың қарқыны бәсеңделіп келе жатқаны айқын көрінеді.Жылдан жылға шығындарда азайып, тіпті, тойлауға бастартып жатқан ауыл мен қалалардың саны көбейіп келеді.

Мектептерде де басқа мекемелерде де бұл мейрамға жай қарап өтуі де бұған дәлел. Бұл біреуге көңіл қуантарлық жаңалық, ал біреуге керісінше көңіліне қаяу салардай. Бірақ жаңа жыл мүлдем болмаған жағдайда да күнтізбеміз қалай болмақ,қаңтардан бастау алатын жыл басын өзімізше өзгертеміз бе? Әлде жыл басын тойламай қаңтар бірінші ай болып қала бере ме? Бұл сұрақтардың шешімі табылмаған, тіпті ешкім іздеп көрмеген секілді. 

Желтоқсанды аяқтап болғасын жаңа жыл тойламайтындар 2019 да қала бере ме? Әлде 2020 мен өмір сүреме?Сұрақ қарапайым,бірақ шешімі жоқ.Әрине үйреншікті күнтізбе мен өмір сүре береді барлық халық.Күнтізбеге ешкім өзгеріс әкеле алмайдығой,қанша бұл мейрамды тойламағанмен.

Байқап қарасақ, бұл сұрақтарда халық арасында шешімін күтіп тұрған мәселелердің бірі.Қорыта айтқанда,халық екі ойлы пікірде болмай,бір жағына шыққаны дұрысырақ,себебі ертеңгі күні елімізге бірлік өте қажет болады.Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын. 

Бақберген Ернұр 

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандығаш қаласы, 11-сынып оқушысы