Weekend

Отандық радио журналистика жайлы ой толғам

Радиожурналистика

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгінгі күні, шыны керек, радиолар көп қолданыста жоқ. Әрине, қазір телевидение,интернет деген дамыған заман. Сол себепті радио деген ұғым ескіріп келеді. Алайда олар мүлдем қолданыста жоқ деп те айта алмаймыз, пайдаланатын адамдар бар.

Қазақстанда радиожурналистиканың дамуы ХХ ғасырдың басында басталды. Дәлірек айтқанда 1921 жылы елімізде алғаш рет ресми түрде радиохабарлардың таратыла бастауынан отандық радиожурналистика даму жолына түскен. Елімізде 2016 жылы саналған санақ бойынша 61 радиокомпания жұмыс атқарады.7 радиостанцияға республикалық мәртебе берілген. Олардың көшін "қазақ радиолары" ЖШС құрамына кіретін Қазақ радиосы мен Шалқар радиосы алатыны анық.

Ал бұлардың басты басекелестері жеңіл контентке құрылған радиолар екені анық. Солардың ішінде жергілікті радиоларды қоспағанда "Русское радио" , "Авторадио" , "РетроФМ" секілді радиолар әлдеқашан өз аудиторияларын тапқан. Бұлардың басқару кеңселері Ресейде орналасқанын ескеру қажет. Көбіне бұл радиолар ән таратумен айналысады, елге оң тәрбие беретін бағдарламалар жоқ. Редакторды қажет етпейтін радио, яғни, тек әуенмен әрлеуші дид-жеймен ғана жұмыс атқару үстінде.

Ал өзіміздің Қазақ радиосы мен Шалқар радиосы толыққанды елге үлгі-насихат ретінде жұмыс атқаруда. Ал олардың тыңдайтын тыңдарман жоқ, сондықтан радиожурналистика саласынан бас тартатын журналисттер көп. Мұнымен сіздерге әрдайым радио тыңдап жүріңіздер деп айтқаным емес, бос уақыттарыңызда құлақтарыңызды бір түріп қойыңыздар,бәлкім өміріңізге пайдалы нәрсе алып жатарсыз.

Бақберген Ернұр

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандығаш қаласы, 1 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Ғылыми-жетекшісі Жидегүл Әбдіжәділқызы