Саясат
Қазақстанды демократияға бастаушы белгілі саясаткер Серікболсын Әбділдин дүниеден қайтты
Белгілі саясаткер, қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин дүние салды.
Саясаткер-журналист Ермұрат Бапи өзінің facebook желісіндегі парағында қаралы хабарды естірте отырып:
- Қазақстан демократиялық қозғалысының пайғамбары Серікболсын аға (Әбділдин) өмірден өтті деген суық хабар келді... Билікке иілмей өткен қайсар, қайтпас адам еді... Қазақстанның тәуелсіздігін Назарбаевтан бұрын жария етіп, "Қазақстанның тәуелсіздік декларациясына" қол қойған тарихи тұлға еді...
Қош бол, асыл аға! - деп жазды.
Қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессоры Серікболсын Әбділдаұлы Әбділдин 1937 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қызылжұлдыз ауылында дүниеге келген. 1982 – 1985 ж. Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, 1985 жылы АӨК-ні басқару жөніндегі Республикалық Жоғары мектеп ректоры, 1986 – 1987 жылы Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі, 1990-1995 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Төрағасы қызметтерін атқарды. 1995 жылдан бастап өмірінің соңына дейін оппозиция құрамында болған.
Біз де қазақ еліне және марқұмның отбасы мүшелері мен жақын-жуықтарына қайғыра көңіл айтамыз.