Саясат

Индонезия астанасында жаңа жыл түні болған трагедиялық су тасқыны

Апат айтып келмейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ел астанасы Джакартада жаңа жыл түнінен бері соңғы ширек ғасырдағы ең күшті сел жүріп, су апаты болды. Соңғы жылдары Оңтүстік-Шығыс Азиядағы толассыз жауған жауын ең ауқымды су тасқынына ұласуының салдарынан Джакарта мен аймақтағы қалашық-елді мекендерден 62 мыңға тарта тұрғын эвакуацияланды. 

Reuters халықаралық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 2 қаңтардағы мәлімет бойынша 26 адам көз жұмған. 

Индонезия президенті Джоко Видодо ақпарат құралдарының алдында жасаған мәлімдесеінде «мемлекет азаматтардң қауіпсіздігі мен эвакуациялау процесіне баса мән беретінін» айтты. Сондай-ақ мемлекет басшысы жергілікті әкімшілік басқару корпусы мен орталық биліктің арасындағы байланысты күшейтуді тапсырды.  

Жергілікті билік қаза тапқан тұрғындардың себебін толық түсіндірген жоқ. Анығы, төртеуі суға батып, ал тағы төрт тұрғын селдің кесірінен, және төртеуін тоқ ұрса, үшеуі үсіп өлген деседі.

Бұл Индонезияда бірінші рет болып тұрған апат емес. 2007 жылы әлемді дүр сілкіндірген алапат цунамиден 50 кісі қаза тауып, одан бес жыл өткен соң қала орталығындағы негізгі аудандарының бірін су басып қалған еді. 

Бұған дейін Индонезия билігі ел астанасын шығыс Калимантанға көшіру жайында бірнеше рет бастама көтерген болатын. Кейіннен үкімет Джакартаны жандандыруға 40 миллион доллар инвестиция құятынын жариялаған.