Саясат

Иран: АҚШ оқу-жаттығуды үзуге тырысты

Иран - АҚШ қатынасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ билігі Ресей, Иран және Қытай әскери-теңіз оқу-жаттығуларын бұзғысы келді. Бұл туралы иран әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы контр-адмирал Хосейн Ханзади мәлімдеді, деп хабарлайды Tasnim агенттігі.

Оның айтуынша, америка қолбасшылық шұғыл отырыс өткізіп, онда одақтастармен өткізіп жатқан оқу-жаттығудың тактикаларын өзгерту жайлы талқылаған. Ханзади әу баста бекітілген оқу-жаттығу бағдарламасы АҚШ әскерінің о баста ойлаған жоспарын жасауға кедергі болғандықтан, осындай қадамға барған. 

Ресей, Иран және Қытай әскери қызметшілерінің бірлескен жаттығулар 27-30 желтоқсан аралығында "Теңіз қауіпсіздігі белдеуі" кодтық атауымен өтті. Төрт күндік жаттығу Үнді мұхитының солтүстік бөлігінде өткізілді. Үш елдің әскери флоты ашық теңіздегі құтқару операцияларын жүргізу бойынша тәжірибе алмасты.