Саясат

Сарапшы: Серікболсын Әбділдин жер сатуға қарсы шыққан адам еді

Авторитарлы режімге қарсы шыққан саясаткердің бірі еді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қаңтардың 3-і күні Алматыда Қазақстан жұртшылығы Жоғарғы кеңестің бұрынғы төрағасы, оппозициялық саясаткер, ғалым Серікболсын Әбділдинді ақтық сапарға шығарып салды. Жоғарғы кеңес таратылғаннан кейін Әбділдин ширек ғасырдан астам уақыт бойы оппозиция қатарында болды, Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын авторитарлы билік жүйесін ымырасыз сынаушылардың біріне айналды.

Серікболсын Әбділдинмен қоштасу рәсімі Алматыдағы Жамбыл атындағы филармония ғимаратында өтті. Бұған дейін әлеуметтік желіде саясаткермен қоштасу рәсімі Ғалымдар үйінде болады деп айтылған еді, кейінірек оның филармонияға ауыстырылғаны белгілі болды.

Әбділдин 31 желтоқсанда сағат 23:00-тен өте Алматы ауруханасында қайтыс болған.

Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюроның жетекшісі Евгений Жовтис Әбділдинді 30 жылдан астам уақыттан бері білетінін, оның адал, парасатты саясаткер ретінде есінде қалғанын айтты.

- Серікболсын Әбділдин - саясаттың таза, адал бола алатынын көрсеткен санаулы тұлғалардың бірі. Адам кеудесін кермей, билік үшін өлгенше күресіп, таласпай-ақ, саясатпен айналыса алады. Әбділдин осыны дәлелдеген адам. Ол жаңа Қазақстанның тәуелсіздігі тарихының бастауында тұрған ірі тұлға. Парасатты адам, - деді Евгений Жовтис.


Жовтистің айтуынша, Әбділдин ауыл шаруашылығы саласында еңбек ете жүріп Қазақстан таңдаған аграрлық сектор мен жеке меншікке жер беру ақырында "нағыз латифундияға жол ашады" деп айтқан. "Айтқаны айнымай келді" дейді құқық қорғаушы.

Азаттық